Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
103

Маған қонған бақытты үркітпеңдер!
Бақыт шіркін өзгеге неге құмар?,
Әлің кетсе қу жаным селдетіп ал.
Сабыр етіп күтейін бір күндері,
Бір бақыттың сынығы менде тұрар.
Сен де күтіп тостың ба, жабықтың ба?,
Ей бақытым кел бері жарық мұнда.
Бір толқындар жағаға жетелесе,
Бір толқындар батырды ғарып мұңға.
Бұл да менің қайтейін пенделігім,
Бақыт іздеп сабылып сенделуім.
Көрмейсің бе қу бастың қалт-құлт етіп,
Сәл самалға теректей тербелуін.
Бақыт дейтін не өзі құны қанша?,
Күн кешу ма? бір сәтке ұлыларша.
Маған қонған бақытты үркітпеңдер!,
Шыр айналып төбемде тұрып алса...
Серікбол Валихан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇