file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  179


Автор: Серікбол Валихан

Өкініп өмір сүрмеңіз

 


Сүйгенің қолын созбаған кезде,
Тұлпарың топтан озбаған кезде.
Тарылып кеудең тоз-тозы шығып,
Қу жүрек құрысып, сыздаған кезде.
Өкініп өмір сүрмеңіз!


Жақының құшақ жаймаған кезде,
Қаныңыз бойда қайнаған кезде.
Дос болып күліп бетіңе қарап,
Сыртыңнан жауға айналған кезде.
Жек көріп өмір сүрмеңіз!


Басыңа дәулет орнаған кезде,
Кетеді оңай байлық та лезде.
Санаңды соқыр менмендік билеп,
Көзіңді тұман торлаған кезде.
Тәубесіз өмір сүрмеңіз!


Үміттің шамы сөнердей болса,
Қарайып жүрек өлердей болса.
Қарамай кеткен бақытың кейде,
Бұрылып қайта келердей болса.
Құдайдан үміт үзбеңіз!


Серікбол Валихан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу