Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
129

Менде
Менде кейде таластым да, тармастым,
Көкті кезіп, күз қалдырып, қар бастым.
Бұйырмасын біле тұра дәл маған,
Бұйырар деп үміт үзбей жармастым.
Менде сендей әлсіредім, құладым,
Шегінбедім сонда артыма бір адым.
Таудай талап бермесеңде берме деп,
Бір Алладан бармақтай бақ сұрадым?.
Менде мұңды, кейде мұңсыз күн кештім,
Жұбатпады сонда келіп мүлде ешкім.
Бар жігерді жұдырықтай жұмып кеп,
Оңашада түнмен талай тілдестім.
Менде бекер безінбеймін басқадан,
Шыңдарым бар, әлі талай аспаған.
Мені біреу жамандаса өкпем жоқ,
Мен біреуді ренжітуден жасқанам.
Адасу мен жол таппай жүр сан адам,
Сүрінгендер өмір бастап жаңадан.
Менде жазар жырларым бар қоя тұр?,
Санағышым сәл кідірші? санаған!.
Серікбол Валихан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇