file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  16.03.2024
  332


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Ұққаным бұл үннен…

ҰҚҚАНЫМ БҰЛ ҮННЕН…
Мына үн, құлақты шертеді,
Болмай тұр, дерт емі,
Тыңдашы!
Талқылап тағдырды, сыр алдың, сыналдың,
Нәзіктеу қалпыммен, мен бәрін шын алдым.
Асанның қобызы, Секеннің күйі ме?
Күңіреп көк аспан, жоқ әлде жеріне,
Тұр м(а) екен күйіне?


Бергенді таразды теңгеріп,
Бүлінді сел келіп,
Неліктен?
Құдай боп жүрген көп бұл күнде, желіккен.
Ескерту берсе де табиғат,
Түймей жүр,
Өңшең би, арамза, айнымас өліктен!


Біз неге опық жеу керекпіз?
Шынайы дерексіз,
Мұратым?!
Болмыс бар, басқаға бақ тілеп тұратын.
Ұққаным бұл үннен, жалмап жер, жемқорды,
Мақсаты екен ғой,
Жаңа ел қүратын!
Адал жұрт тұратын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу