Әңгімелер ✍️
![](/uploads/shorttexts/author_image/2023-03-29-05-57-41.png)
Трумпф Ханым - 8 тарау
Үйге жеткен бетте, мен дереу өз бөлмеме кіріп кеттім. Сәттілік журналына жазып қоюды кешіктіргім келмеді. Үстелге отырып, былай деп жаздым:
1). Мен Голдштерн мырзаның маған айтқандарын жақсы түсіндім.
2). Мен дұрыс шешім қабылдадым: тапқан ақшамның жартысын үнемдеймін.
3). Менде алтын жұмыртқа салатын тауық болады. Енді мен бай болу дегеннің не екенін түсіндім.
4). Мен өмірімде бірінші рет Роллс Ройсқа отырдым.
5). Соңғы аптада мен 37 еуро таптым. (Осыдан 18,5 еуроны «тауық» үшін бөлемін; 14 евро 80 центті арман құтыларына саламын – яғни әрқайсысына 7 еуро 40 центтен; 3 еуро 70 цент өз жұмсауыма.)
6). Голдстерн мырза мені мақтады.
7). Келесі аптада мен Маниге қамқорлық жасағаным үшін ақша аламын. Күніне 5 еуродан 413 күн – 2065 Еуро алам. Жынданып кетермін!
Мұны нағыз жетістік деп санауға бола ма? Мен сенімді емес едім. Бірақ мен өзімді керемет сезіндім. Мен өзімді мақтан тұттым. Мен өзіме көбірек сендім. Бөлмеден шықпас бұрын, мен кешкі ас кезінде ата-анаммен олардың қарыздары тура-лы мұқият сөйлесуге ұйғарып, қарызға қатысты төрт ереже жазылған қағазды джинсым қалтасына салып қойдым.
Бәріміз дастарқанға жиналғасын, мен Голдштерн мырзаның ата-анама берген чегін салтанатты түрде көрсеттім. Оны қолы-на алып, соманы оқығаннан кейін әкем таңданып:
– Мұнда мың еуро бар! Бұл не үшін?– деді
– Бұл Мани біздің үйде жүрген кездегі жұмсалған шығын үшін, – деп түсіндірдім мен.
– Біз оны қабылдай аламыз ба, білмеймін», – деді анам. – Өйткені, Мани іс жүзінде өзіміздікі болып кетті ғой.
– Екінші жағынан, бұл ақша бізге қазір өте пайдалы», – деп күңкілдеді әкем. – Біз несиелердің біреуі бойынша төлемді кешіктіріп келеміз. Мың еуро көмектесе алар еді.
– Ал мен несие бойынша тек бес жүз еуро төлейтін едім, – дедім мен, – ал қалған бес жүз еуроны кейінге қалдырар едім.
Әкем мен анам тіпті тамақтануды қойып, маған таңырқай қарады. Олардың жүзі құдды мен табақтағы сорпаны ақтарып алғандай өзгеріп кетіпті.
– Қарай гөр, – деді папам кекесінді түрде. – Біздің қызы-мыз Роллс-Ройсқа бір отырғанда-ақ, қаржы данышпанына айна-лыпты. Сюзанна, мен бір нәрсеге күмәным бар, осы біздің үй Кирамыз үшін лайық па? – деп үйдің ішін шолып өтті.
Мен ашуландым.
– Несие бойынша мүмкіндігінше аз жарна төлеу әлдеқайда ақылды болар еді, – деп күбірледім мен.
– Иә, өлгенше қарыздан құтылмас үшін, – деді әкем.
Мен тілімді тістедім. Манидің маған мұны қалай түсін-діргені есімде жоқ. Ескілерін төлеу үшін жаңа несие алу керек екенін есіме түсірдім. Америкаға барып келіп, семіз «тауықтың» иесі болғаннан кейін сөйлесермін бұл туралы деп ойладым.
– Балалар ақша туралы не білді, – деп күбірледі әкем. Мен шыдай алмадым:
– Американдық бала Дэрил он жеті жасында бірнеше миллионға ие болған, жұрттың бәрі сен сияқты дейсің бе! – дедім мен. – Мен де бір күні өте бай боламын.
– Ол мұраға ие болған шығар, – деп жорамалдады папам.
– Бұл ақшаны ол да мен сияқты өзі тапқан! – дедім ренжи айқайлап.
Анам маған абыржи қарады:
– Кира, мұндай сөз саған лайық емес. Біз көп ақша үшін жаратылмағанбыз. Олар тек бақытсыздық әкеледі. Азға қанағат ету әлдеқайда маңызды. Ескі мақал есіңде ме: «тиын болып туғандар, сом болмайды».
Бұған менің өз күмәнім бар. Голдштерн мырза маған өте бақытты адам болып көрінді. Анам мен әкем, әрине, онша бақытты емес. Мен бақытсыздық ақшада емес, олардың жет-пеуінде деп ойладым, бірақ үндемейін деп шештім. Сонымен, кешкі ас үнсіз аяқталды.
Кешкілік мен үйде отырғым келмеді. Моникаға қоңырау шалып, кездесуді ұсындым. Алайда, ол әлі кешкі асын ішпепті. Сондықтан біз бір сағаттан кейін кездеспек болдық. Оған дейін мен серуендеп, Ханенкамптарға қарап, Наполеонды көруді жөн санадым.
Ханенкамп мырза мені үйіне шақырды:
– Сенде басқа итке қарауға уақыт жоқ па? – деп сұрады ол. – Әрине, бар.
– Мен бүгін таңертең Трумпф ханыммен сөйлестім, – деп жалғастырды Ханенкамп мырза. – Ол үлкен неміс овчаркасы Бианканың иесі. Ол екі аптаға бір жаққа бармақ екен, бірақ Бианканы қайтерін білмейді. Наполеонмен жақсы жұмыс істеп жүргеніңді естіген соң, ол менен Бианканы да бақылай тұрмас па екен, соны біліп берші деп өтінді. Сен оған жолығып, өзің сөйлес.
Мен Трумпф ханымды жақсы білетінмін. Ол менімен сөйлес-кенді өте жақсы көретін және мен оның үйінің қасынан өтіп бара жатқанда, үнемі әңгімеге тартатын. Мани екеуміз бірден солай жүрдік. Оның үйі мыстан кемпірдің үйіне ұқсайтын.
Кемпір есік алдына шықты. Ханенкамп мырза оған қоңырау шалып, біздің келетінімізді ескертіпті. Біз кірдік. Бөлмелердің іші керемет шашлып жатыр. Мен бірден өзімді жайлы сезіндім. Барлық жерде кітаптар мен газет қиындылары, қабырғаларға түсініксіз кестелер ілінген, қатарынан екі теледидар жұмыс істеп тұр.
Мұның бәріне қызыға қарағанымды байқаған Трумпф ханым былай деді:
– Бұл менің хоббиім. Мен биржалық және қаржылық журналдарды оқығанды ұнатамын. Күйеуім қайтқанда, маған біраз ақша қалған. Содан кейін мен оларды не істеуім керегін білмедім. Сонан соң капиталды инвестициялау туралы көбірек білу үшін оқи бастадым.
Бұл өте қызықты болды. Осылайша бар ақшаңды бірнеше есе көбейтуге болады екен.
Мен Трумпф ханым сөзін жалғастырғанын қалағам. Бірақ ол мені мұндай нәрселер қызықтырмайды деп ойлаған шығар, әңгімені Бианкаға аударды.
Кемпір бірнеше жылдан бері бір жерде демалғысы келеді екен. Бірақ итке қарайтын ешкім табылмапты. Бианка шын мәнінде өте жуас әрі тіл алғыш ит екен, тек дене бітімі овчар-каға тән емес, тым ірі және жүні де өте қалың, оны одан бетер үлкейтіп көрсетеді. Бөтен кісіге қорқынышты сияқты. Трумпф ханым менің итке қызығушылық танытқаныма өте риза болды. Ол өзі жоқ күндерге толық жететіндей тамақты сатып алып қоятынын және маған күніне бес еуро төлейтінін айтты. Мен шын ықыласыммен келістім. Әрине, әлі де ата-анамнан рұқсат сұрауым керек еді. Өйткені, ит бізде екі апта тұруы керек.
Мен қоштасып, Моникаға асықтым, уәделескен уақыт таяп қалған. Мен оған көп нәрсе айтуым керек! Қанша ақша тапқа-ным туралы. Голдстерн мырза туралы. Мен ақшамды қалай бөлетінім туралы.
Моника маған құрметпен қарады:
– Сен оның бәрін қалай жасайсың! Мықтысың ғой! – ол бір сәт ойланып қалды. – Егер сенде тапсырыс тым көп болып кетсе, мен көмектесе аламын. Сөйтіп мен саған жұмыс істейтін болам.
Мен еріксіз күлдім. Мониканың ата-анасы бай және ол әрқашан өте сәнді киінеді. Сөйте тұрып, ол маған жұмыс істе-мек. Бұл тіпті біртүрлі екен.
Қараңғы түсуге айналып, үйге қайтатын кез келген. Сонымен қатар, мен ата-анаммен Бианка туралы тезірек сөйлес-кім келді. Әкеме менің идеям бастапқыда ұнамады. Ол менің оқуыма кесірі тиеді деп қорықты. Анам қолдады.
Осы кезде телефон шырылдаған. Анам телефонды көтерді: – Бұл Марсель. Сені... – ол таңырқай қарады. Марсель маған
ешқашан қоңырау шалған емес.
Екеумізде де айтатын әңгіме жеткілікті екен. Мен оған табысым және жаңа жұмысым туралы айттым. Және өз ақшам-ды Голдстерн мырза кеңес бергендей бөлетінімді де айттым.
– Мен бір ғана нәрсені айта аламын, – деді Марсель салта-натты түрде. – Сенің қуыршақ милы болған күндерің артта қалды. Ақшаны бөліп ұстау идеясы өте жақсы. Мен бұл туралы ойламаппын. Менің барлық ақшам банктегі шотта.
– Мен де банкте шот ашуым керек, – деп күбірледім. Бірақ мен мұның қалай жасалатынын әлі білмеймін.
– Егер қаласаң, мен ертең келіп, көмектесемін,– деп ұсыныс айтты ол.
Мен өз құлағыма сенбедім. Марсель үнемі кекірейіп жүретін, ал енді кенеттен өз еркімен көмек ұсынады. Арамыз жеті-ақ шақырым болса да, ол маған ешқашан келмейтін. Ата- анасы бізге қонаққа келгенде де, ол көбінесе өз үйінде қалатын.
– Сен маған келгің келе ме? – деп сұрадым мен. – таяуда ғана сен менен аулақ болуға тырысушы едің ғой.
– Мен өзім құрметтейтін адамдармен ғана қатынас жасаған-ды ұнатам, – деп қысқа жауап берді ол. – Ал мен сені құрметтей бастаймын.
Мені нағыз мақтаныш сезімі биледі.
– Айтпақшы, менің қызметшілерім бар, – деп жалғастырды Марсель ересек адамша. – Қазір тоқашты бірнеше көрші бала-лар да алып жүр, менің елуден астам клиентім бар. Жалғыз өзім үлгіре алмаймын.
Маған көмек ұсынған Моника есіме түсті. Енді мен Мани, Наполеон және Бианкаға қамқорлық жасауым керек қой. Оның көмегі өте пайдалы болуы мүмкін.
Марсельмен қоштасып, мен онымен ертеңге белгілеген кездесу туралы қуана ойладым. Содан кейін мен Маниді жақсы-лап тарадым, бұл оған қатты ұнады. Сонан соң төсекке жатқам. Тез ұйықтап кетіппін.
Түн ортасында мен суық терге малшынып ояндым. Қорқы-нышты түс көріппін. Маниді өлтіру үшін бізді қылмыскерлер қуыпты. Моника мен Марсель бізге көмектеспекші болады: мен көпке дейін дірілдеп, тыныштала алмадым. Мани бірдеңені сезіп, төсекке шығып, қолымды жалады. Мен оны құшақтап алдым. Бұл түс жақсылықтың нышаны емес, алдағы күндері аса сақ болуым керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇