file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  22.02.2024
  189


Автор: Бодо Шефер

Дэрил – көп ақша табатын бала - 3 тарау

– Кира, тұратын уақыт келді! - анамның дауысы шықты. Егер анам мені оятпаса, мен ұйықтай беретін едім. Менің


ойымша, кейде адамдар түстерін аяғына дейін көру үшін ұзақ ұйықтағысы келеді.


Мен төсегімде жатып керілдім. Анам перделерді ашып, бөлмеме таңғы сәуле кірді. Анам бөлмемдегі шашылып жатқан заттарды ренжи шолып өтті. Оның көзі менің арманымның ыдыстарына түсті. Оларды бірінен соң бірі қолына алып, «КОМПЬЮТЕР» және «САН-ФРАНЦИСКО» деген жазу-ларды оқығаннан кейін қабағын түйіп:


– Бұл қандай сандырақ идея? – деп сұрады. Менің бетім ду ете түсті.


– Сіз білесіз бе, мен алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барғым келеді. Сонымен қатар, мен компьютермен үй тапсыр-масын жақсы орындай алар едім деп ойлаймын. Бұның бәрін алу үшін мен ақша жинауым керек.


Анам маған аң-таң болып қарады. Ол ақша салғыштарымды қолына ұстап тұрған. Ыдыстарымды шайқап көрген. Ондағы тиындар сылдыр ете түсті.


«Ішінде шынымен ақша бар ма? – деп таңырқады анам. -Онда қанша?


Маған әңгіме мүлдем ұнамады.


– Екі жарым еуродан, – деп күбірледім мен.


– Солай-солай, бір компьютерге екі жарым еуро және Америкаға бару үшін – екі жарым еуро. Бұл жағдай онша ұзаққа созылмайды екен, – анам мырс етіп күлді. – Егер сапарға екі жарым мың еуро қажет болса, онда... – ол ойша санай бастады, – демек, сен ол жаққа елу жылдан кейін ұша аласың! – есептеп шыққасын, қарқылдай күлді.


 


Мен анамның маған күлгенін жек көремін. Мен өзіме соншалықты ақымақ болып көріндім, тіпті көзіме жас келді. Бірақ анам менің жылағанымды көрмесін. Мен шамам жеткен-ше өзімді ұстауға тырыстым, бірақ бәрібір жылап қалдым, сол себепті қатты ашуландым. Анам бөлмеден шығып, әкемді шақырды:


– Георг, біздің қызымыз қаржы данышпаны екен, ол жақын арада Сан-Францискоға ұшады! Ха ха ха!


Мен ашудан өзімді ұстай алмай, дәлізге басымды шығарып, айқай салдым:


– Ұшамын, көресіңдер. Және дәл келесі жылы, жазғы дема-лыста. Сендерге тіпті хат та жазбаймын! Ал сендер қарызда-рыңмен қалыңдар. Мен сендерге көмектеспеймін!


Мен есігімді тарс жауып, төсекке құлай кетіп, қатты жыла-дым. Мен өзіме ашуландым. Үндемеу керек еді. Мен өзімнің жинақ құтыларымды таптап тастуға дайын едім. Күлкілі! Әрине, бұл нәтиже бермейді. Мен мектептен келген соң, алдымен Маниге бұл идеяның ақымақтық екенін айтқым келді. Амери-каға әже болған кезде барады екем. Керемет!


Мектепте де күн жақсы болған жоқ. Ештемеге зейін қоя алмадым. Сол күні бақылау болмағаны жақсы болды. Ештеңені дұрыс жасай алмас едім. Мен тіпті Моникамен де сөйлескем жоқ, бірақ біз доспыз, бір партада отырамыз. Мен бір нүктеге қадалып, сабақтың аяқталуын күте алмай әзер отырдым. Ақырында, Моника менің үнсіздігіме шыдай алмады және маған бірдеме жазып жіберді. Мен оны оқымай-ақ, джинсым-ның қалтасына сала салдым.


Үзілісте мен тез-тез басып, аулаға шықтым. Мен оңаша қалғым келді. Бірақ Моника артымнан жүгіріп, қуып жетті. Ол ренжіген сияқты.


– Саған не болды? Сен ауырып қалдың ба әлде бірдеңе жоғалтып алдың ба, әлде ата-анаңда проблема бар ма? Уайымда-ма, бәрі шешіледі. Әлде Манидің қожайыны табылды ма?


– Мұндай ештеңе жоқ, – деп мен Мониканың сөзін бөлдім, әйтпесе ол тоқтаусыз сұрақ қоя берер еді.


Ол әдетте көп сөйлейді. Тым көп. Және ол құпияны қалай сақтау керегін білмейді. Сондықтан біздің басшымыз Джейсон әрқашан Моникаға бірдеңе айтқан адам оны газетке дәл осылай басып шығара алар еді дейді.


Бірақ Моника сұрай берді. Барша мылжыңдар сияқты, ол да бәрін білуге құмар еді. Оның мені оңаша қалдырмайтынын түсіндім және Маниге қауіп төнбес үшін, оған не айтуға бола-тынын ойлана бастадым. Соңында мен оған менің арманым-ның сақтауыштары туралы және анам мені қалай мазақ еткені туралы айтуды жөн көрдім. Әңгімемді былай аяқтадым:


– Енді маған көп ақша керек, және тезірек. Моника маған түсініксіздеу қарады:


– Ал, онда атаң мен әжеңнен сұра, олар саған міндетті түрде береді. Мен осылай істер едім.


– Моника, менің атам мен әжемнің өзіне әрең жетеді, – деп жауап бердім мен.


Мониканың ата-анасы бай, ал менің отбасым туралы бұлай айту мүмкін емес.


«Содан кейін апайларың мен нағашыларыңа хабарлас», -деді ол.


– Сен менің жүйкеме тимеші, – дедім мен. – Біздің отбасы-мыз бай емес. Менің ақша алар еш мүмкіндігім жоқ.


– Мен сенің ақша сұрайтын ешкімің жоғын түсінем. Бірақ мен бір нәрсені байқадым: сен оңай жеңіле салғалы тұрсың. Ештеңе істеуге тырыспайсың. Жалпы, сен әрқашан ең әуелі ойыңның іске аспайтыны туралы ойлайсың. Сондықтан да ештеме іске аспайды.


Мани де маған осыған ұқсас нәрсе айтқан. Бәлкім, мұнда шындықтың ұшы бар шығар.


Иә, Моникаға көп нәрсеге байланысты кінә тағуға болар, бірақ ол ешқашан қиындықтан бас тартқан емес. Ол ерекше талантты оқушы емес еді, бірақ ол бақылау жұмыстарын әрқа-шан дұрыс жасай алатын. Әйтсе де, ол шынымен де ең ақылды қыз емес еді.


Үзіліс аяқталды, біз сыныпқа қайта оралдық. Мен өзімше дұшпандық пиғылда болмауым керек деп шештім.


Ақыры сабақ та бітті. Мен үйге жүгіріп келіп, түскі асты да асығыс іштім де, Маниді жетектеп, орманға тарттым. Мен жасы-рын күркемізге жеткенше әрең шыдадым. Содан кейін мен ал кеп сөйлейін:


– Сенің идеяларың мені тек ыңғайсыз жәйтқа ұрындырады. Анам жинақ құтыларымды тауып алып, әбден күлді. Ол Амери-каға баратын ақша жинау үшін маған елу жыл қажет деп есеп-теді. Ол кезде мен кемпір боламын ғой.


Мани басын төмен салып, үнсіз тыңдады. Ол мұңды болып көрінді. Ақыры ол жайлап сұрады:


– Сен шынымен Америкаға барғың келе ме? Саған компью-тер керек пе?


– Әрине – дедім мен нықтап.


Мен өзіме өзім таңдана отырып, визуализация арқылы жинақтауыш ыдыстар, жартылай дайын арман альбомын елестетіп, қазір оларды шындап қалайтынымды түсіндім.


– Жарайды, – деп Мани маған мұқият қарады. – Бұл ең бастысы. Бұл – сен оны қалай алуға болатынын білесің бе, жоқ па, ол туралы емес. Мұны шын ниетіңмен қалағаның әлдеқайда маңызды. Әйтпесе, сен алғашқы қиындыққа ұшырағанда-ақ бас тартасың.


Иә, солай. Анам екеуіміздің арамыздағы жәйт маған тек табандылық дарытты. Мен өз ойымды іске асырғым келді.


– Мен бұл оңай болады деп ешқашан айтқан емеспін, – деп жалғастырды Мани.


– Әрине. Бірақ анамнан мен мұны күткен жоқпын», – деп жыламсырадым.


– Біздің жанымызға бататын нәрсенің бәрі өзіміз күтпеген тұстан келеді, – деп түсіндірді төбетім. – Ал енді біз сен кемпір болмай тұрғанда керек ақшаны қалай жинайтынымызды ойлас-тырайық.


– Бұл бос әуре, – дедім мен. – Бұл туралы Моникамен сөйлес-кем. Менің ақша сұрай алатын бай туыстарым жоқ. Мен мүлдем шарасызбын.


Мани ашуланып табанымен жерді тырмалады:


– Істеуге болмайтын нәрсені ойлама. Сен ақша табу үшін әрекет жасай аласың.


Өзіме қатты ашуландым. Қай істің болмасын әуелі жағым-сыз жағын ойлауды ұмыту керек демеп пе едім. Бірақ мен, он екі жасар қыз, қалай ақша таба аламын? Алайда, менде бір идея болды.


— Мен, мысалы, үй маңындағы көгал шөбін қырқып, күтіп отырсам қайтеді? Бұл үшін мен бірнеше еуро алам ғой.


Мани онша қуана қойған жоқ:


– Бірақ сен де осы үйде тұрасың және бақты да пайдалана-сың. Сенің де көмектесіп тұруың керек екені айтпаса да түсінік-ті. Бұл үшін ата-анаңнан ақша талап ете алмайсың. Айтпақшы, сенің ата-анаң сен үшін көп нәрсе жасайды, бірақ ол үшін ақы талап етпейді ғой.


– Ал, мен бұл жерде қалай ақша табамын? – мен сұрадым.


– Оңай ештеңе жоқ, – деп жауап берді Мани. – Кейінірек мен саған бір бала туралы қызықты оқиғаны айтамын – оның аты Дэрил. Он жеті жасында ол миллионнан астам ақша таба алды, бірақ ол мүлдем қарапайым ғана бала. Әуелі мен саған өте маңызды нәрсені айтқым келеді. Сен ақша табасың ба, жоқ па, ең алдымен сенде жақсы идеялар бар-жоғына байланысты емес. Сенің қаншалықты жақсы екеніңде де емес. Бұл сенің қанша-лықты сенімді екеніңе байланысты.


– Мен өзіме қаншалықты сенімдімін? – мен Маниді мазақтай сөйледім. – Оның ақша табу қабілетімен қандай байланысы бар? Мани маңғаздана түрегеп, осысымен әңгіменің өте маңыз-


ды мәселе жөнінде екенін танытып:


– Сен өзіңді бір нәрсеге қабілеттімін деп санайсың ба, ол сенің өзіңе деген сенімділігіңе байланысты. Сен өзіңге сенесің бе. Егер сен өзіңе сенбесең, онда сен ештеңе бастамайсың. Егер бастамасаң ештеме жасалмайды.


Мен оны дұрыс түсінгеніме онша сенімді емес едім. Бірақ содан кейін менің ойыма бір жәйт оралды. Жақында мен тестке дайындалуды ұмытып кетіппін. Таңертең мектепте сыныптастар маған алдағы жұмыс туралы айтып берді. Мен жаңа нәрселерді тез сіңіре алатынымды білдім. Сондықтан мен алғашқы екі өнер сабағынан қашып, мектеп ауласындағы орындыққа отырдым да, бақылауға дайындалдым. Нәтижесінде мен оны «қанағаттанар-лық» деп жаздым. Егер Мен өзіме сенімді болмасам, онда мен сол күні бірдеңе үйренуге тырыспас едім.


– Керемет, – деп қуанды Мани. – Өзіңе сену деген осы! Ол менің ойымды оқи алатынын тағы да ұмытып кетіппін.


– Олай емес, – мен ақырын күбірледім. – Мен өзіме өте сенімдімін дей алмас едім.


– Дұрыс, – деп құптады Мани. – Бірақ оның түзетілуі оңай. Қалай екенін білгің келеме?


– Әрине!


– Мен түсіндіремін. Таза дәптер немесе күнделік ал да, оны «Сәттілік журналы» деп ата. Және осы дәптерге қол жеткіз-ген жақсы ісіңнің бәрін жазып отыр. Егер сен күн сайын сәттілік журналына кемінде бес жазба түсірсең жақсы болады. Айтпақшы, бұл тіпті болымсыз нәрселер болуы мүмкін. Басын-да саған оңай болмайды. Сен өзіңнен бұны шынымен сәттілік пе деп санауға бола ма, жоқ па деп сұрайсың. Бұл жағдайда сен үнемі «иә» деуің керек. Оның кемшілігінен зардап шеккеннен гөрі өзіңе деген сенімнің артқаны жақсы.


Мани бір сәт ойланып, сонан соң ойын жалғастырды:


– Ең дұрысы бірден бастау керек. Ал біз кешкі астан кейін кездесейік. Сол кезде мен саған Дэрил туралы әңгіме айтамын.


– Дэрил туралы оқиғаны дәл қазір тыңдағым келеді. Бірақ мен Маниге көбірек сенем. Ол не істейтінін жақсы білетін сияқты. Сондықтан мен келістім, біз үйге қайтып оралдық.


Үйде мен бірден бөлмеме кіріп, ескі химия дәптерін алдым да, одан жазуы бар бірнеше беттерін жұлып алып тастадым. Содан кейін мұқабасына «Сәттілік журналы» деп әдемілеп жазып қойдым.


Дәптерді ашып, бүгін қай күн екенін бірінші бетке жазып, ары қарай жаза бастағым келген. Кеше қандай жақсы іс істеп едім? Дәптер парағына қарап ұзақ отырдым. Ойыма ештеңе түспеді. Сонымен қатар, мен өзімнің арманымдағы жинақ құты-ларымды дайындаған болуым керек. Бірақ, екінші жағынан, бұл «құтылардың» қандай да бір мағынасы барына сенімді емес едім. Ондай болса, бұл туралы жазу керек пе?


Содан кейін мен Манидің айтқанын есіме түсірдім: «сен бірдеңе жазуға немесе жазбауға жиі күмәнданасың. Бұндай кезде әрқашан «иә» деп шешім қабылда.


Сондықтан мен жайлап жаза бастадым:



  1. Мен екі арман жинақтауышын жасадым. Мен мұның көмек-тесетініне сенімді болмасам да жасадым.
  2. Мен әр жинақтауышқа екі жарым еуродан салдым. 3. Арман альбомын бастадым.
  3. Бүгін сәттілік журналына жазбалар жасай бастадым. 5. Мен көп ақша табуды қолға алдым.
  4. Мен босаңсымауға бел байладым.
  5. Ақша туралы және оны қалай табуға болатыны жөнінде көбірек білу керек.

Жазбаларымды тағы бір рет қарап шыққаннан кейін мен кенеттен сұмдық мақтаныш сезімін сезіндім. Мұндай нәрсені жасайтын балалар аз, бұл анық. Мен тіпті өзіме аздап секемді болып көріндім. Дегенмен, барлық ерекше адамдар аздап есуастау болып көрінуі мүмкін.


Осы уақытта сабаққа дайындалатын кез келген, содан кейін біз кешкі ас іштік, содан кейін Мани екеуміз орманға бардық. Жаз айы, қараңғы түскенше әлі алыс.. Кешке орманға бараты-ным анама ұнамады, бірақ маған Манимен кедергісіз сөйлесу керек еді.


Біріншіден, мен оған мақтанышпен хабарладым, мен шынымен де сәттілік журналы үшін қолымнан келген бес нәрсені таптым. Мани риза болды.


Мен Манидің Дэрил туралы әңгімесін бастауын асыға күту-мен болдым.


Ол менің сабырымды тауыса бермей, ақыры әңгімесін бастады:


– Дэрил бірде өз тарихын өзі айтып берген, Мен сол кезде қасында болғанмын. Бәрі сегіз жасында бір киноға барғысы келгеннен басталыпты. Ақшасы болмағандықтан, сұрақ туын-дайды: ата-анасынан сұрай ма әлде оны оны өзі табуы керек пе? Ол өзім табуым керек деп шешеді. Ол лимонад дайындап, оны өтіп бара жатқан адамдарға сату үшін көше қиылысында тұрады. Өкінішке орай, қыстың суық күні екен, ешкім лимонад сатып алмайды – екі адамнан басқа: анасы мен әкесі.


Көп ұзамай бала белгілі бір табысты кәсіпкермен сөйлесуге мүмкіндік алады. Дэрил өзінің сәтсіздігі туралы айтқан кезде, кәсіпкер оған өте маңызды екі кеңес берді:


– Ең алдымен, басқа адамдардың мәселелерін қалай шешуге болатынын ойла. Сонда сен көп ақша таба аласың. Екіншіден, әрқашан не білетініңе, қолыңнан келетініне және өзіңде бар нәрсеге назар аудар.


Бұл өте маңызды кеңес болды. Өйткені, кішкентай сегіз жасар бала әлі жасай алмайтын көптеген нәрселер бар еді. Міне, ол көшеде жүріп, адамдарда қандай проблемалар болуы мүмкін және осы мәселелерді шешу үшін не істей алатыны туралы ойлады.


Бұл оңай болған жоқ. Оның ойына лайықты ештеңе келмеді. Бірақ бір күні әкесі байқаусызда Дэрилге дұрыс ой салды. Таңғы ас кезінде ол ұлынан оған газетті әкеліп беруін өтінді. Америкада пошташылар газеттерді үйдің алдындағы қоршауға бекітілген қорапқа салып кететінін айту керек. Егер біреу жылы халатпен отырып, таңғы ас кезінде газет оқи отырғысы келсе, жылы үйден суыққа шығып, қораптағы газетін алып келуі керек. Жиырма-отыз-ақ метр жер болғанмен, жаңбырлы яки желді күні бұл өте жағымсыз.


Дэрил әкесіне газет алып келе жатқанда, оған идея пайда болды. Сол күні ол көршілеріне айына бір долларға күн сайын таңертең жәшіктен газеттерді шығарып, есіктерінің астына қойып кете алатынын айтып, ұсыныс жасады. Көбісі келісті. Көп ұзамай Дэрил жетпістен астам клиентке ие болды. Бір ай өтіп, ол өзінің алғашқы табысын жинаған кезде, төбесі көкке жеткендей еді.


Ол бақытты сезінді, бірақ толық қанағаттанған жоқ, ақша табудың басқа мүмкіндіктерін іздей бастады. Табыстың дәмін алып қалған балаға енді ұзақ ізденудің қажеті жоқ еді.


Ол өз клиенттеріне қоқыс дорбаларын есіктерінің алдына қоюды ұсынды. Дэрил оларды күн сайын таңертең қоқыс жәшік-теріне апарып тастап – айына тағы бір доллар алатын болды. Ол үй жануарларына қамқорлық жасады, бөлмедегі өсімдіктерді суарды, егер иелері кетіп қалса, үйлерін қарады. Бірақ ол ешқа-шан жұмыс істеген уақыты үшін емес, тек атқарған жұмысы үшін ақы төлеуді ұсынды. Осылайша ол одан да көп ақша таба алды.


Тоғыз жасында ол әкесінің компьютерімен жұмыс істеуді, «жарнама» жазуды үйренді. Ол сондай-ақ балалардың қалай ақша табуға болатындығы туралы ойына келгеннің бәрін жаза бастады. Оның үстіне жаңа идеялары болғандықтан, көп ұзамай Дэрил әжептеуір коллекцияға ие болды. Анасы оған қашан, кімнен және қанша ақша алу керектігін білу үшін есеп жүргізу-ге көмектесті.


Дэрил көмекші ретінде басқа балаларды да жұмысқа тартты. Бұл үшін олар Дэрилдің өзіне төленген ақшасының жартысын алды. Көп ұзамай оның қалтасында жеткілікті ақшасы болды.


Бір баспагер балаға назар аударып, оны «250 Кеңес; балалар қалай ақша таба алады» дейтін кітап жазуға көндірді. Кітап үлкен жетістікке жетті. Осылайша Дэрил он екі жасында бестселлердің авторы болды.


Ол теледидаршылардың көзіне түсіп, көптеген балалар шоуларына шақырыла бастады. Бала экранда өте табиғи көрінеді және көрермендерге ұнайды. Он бес жасында ол өзінің жеке шоуының жүргізушісі болды. Енді ол теледидар мен жарнама-ның арқасында керемет көп ақша тапты.


Он жеті жасында Дэрил бірнеше миллион долларға ие болды.


Мани өзінің әңгімесін сұрақпен аяқтады:


– Сенің ойыңша, Кира, оның өміріндегі қай жағдай және қай сәт шешуші болды?


Мен әлі де әлгі айтылғандардың әсерінен шыға алмай отырғам: Дэрилдің теледидардағы табысы шешуші болды деп жауап бергім келді. Бірақ оның кітабы болмаса, ол теледидарға түспес еді. Ал ақша табу қабілеті болмаса, ол кітап жазбас еді...


Мани менің ойымды бөлді:


– Дұрыс, бәрі де Дэрилдің қолынан келетін, білетін және қолында бар нәрсеге назар аударуынан басталды. Бұл оның, баланың, көптеген ересектерге қарағанда әлдеқайда көп ақша таба бастауы үшін жеткілікті болды. Ересектер көбінесе өмір бойы, негізінен, не істей алмайтынына, не білмейтініне және қолында не жоқ екеніне назар аударады.


«Демек, бұл тағы да өзіңе сену мәселесі», – деп ойладым мен. Америкада балаларға, әрине, бәрі оңайырақ.


Мани кенет қатты үре бастады. Мен қорқып кеттім, өйткені ол ешқашан үрмейтін. Бізге бір қауіп төнген жоқ па? Бірақ ерекше ештеңе көрінбейді. Содан кейін мен жаңағы сөзімді есіме түсірдім. Мен өз тілімді қыршуға шақ қалдым. Өйткені, мен тағы да істемеуім керек нәрсені істеппін: қолымнан келмейтін және менде жоқ нәрсеге назар аударыппын. Мен Америкада тұрмаймын. Бірақ мұнда да мүмкіндіктер болатыны сөзсіз.


Мани ризалықпен күңкілдеді:


– Тамаша! Енді екеуміз де бір-бір галета таптық.


Мен дереу қалтамнан галета шығарып, итке бердім, ол оны рахаттана жеп алды.


Мен кенет жігерленіп кеттім. Ақша табудың амалы міндет-ті түрде табылады. Мен Манидің мойнын сипалай, еркелетіп қойдым. Ол риза болғаны сонша, мысықтарша мырылдай жөнелді. Бірнеше минуттан кейін біз үйге қайттық.....


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу