25.01.2024
  43


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Зекет берілетін мүлікке бір жыл толғанын қалай есептейді?


Жауап: Қолданысымыздағы григориан күнтізбесінде бір жылда 365 күн, ал мұсылманша ай күнтізбесінде 354 күн бар. Шариғатта ораза, қажылық құлшылықтары сияқты зекетте де ай күнтізбесі негізге алынады. Зекет берілетін мүлікке бір жыл толғанын есептеу үшін, ол мүліктің қашан нисаб мөлшеріне толғанын, яғни қай күні немесе қай айда 85 гр алтынның құнына жеткенін анықтау керек. Сол күннен бастап, мұсылманша ай күнтізбесі бойынша бір жыл толып, нисап мөлшерінен кемімесе немесе артқан болса, ең соңғы мөлшерінің құнынан 1/40 мөлшері немесе 2,5 пайызы зекет ретінде беріледі.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу