Сұрақ: Іс-сапарға шыққанда оразаны жалғастырып ұстай беруге бола ма?
Жауап: Жолаушы адам сапар кезінде оразасын ұстай беруіне болады. Хамза ибн Амр әл-Әсләми (Алла оған разы болсын): «Уа, Алланың Елшісі, сапар кезінде ораза тұтуға күшімнің жететінін білемін. Егер ораза ұстар болсам, ол күнә болып саналады ма?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл Алла Тағаланың берген жеңілдігі, кім қаласа амал етсін, ал егер кімде-кім ораза ұстар болса, күнә болып саналмайды», – деп жауап берген. Сондай-ақ жолаушы сапарда қиналмайтын болса, ұстай беруіне болатындығын меңзейтін «Бақара» сүресінің 184-аятында: «Білсеңдер, сендер үшін (аузы ашық жүруден, фидия беруден) ораза ұстағандарың әлдеқайда артық», – делінген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter