21.01.2024
57
Сұрақ: Оразаның парыз екенін білмеген адам қазасын өтеуге міндетті ме?
Жауап: Рамазан айында ораза ұстау – парыз һәм Алла Тағаланың әмірі. Мұсылмандар бұл әмірге мойынұсынуы керек. Егер білмей немесе ұмытып кеткен болса, ұстамаған оразаларының қазасын өтеуі тиіс. Каффарат шарт емес. Себебі кәффарат – ораза ұстамаудың емес, оразаны бастап, әдейі бұзған адамның жазасы. Рамазан айында ораза ұстау парыз екенін біле тұра ораза ұстамау – күнә.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter