21.01.2024
  53


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Каффаратын өтеуге яғни, 60 күн ораза ұстауға шамасы жетпесе не істейді?


Жауап: Бір кісі Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Біттім, құрыдым», – деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан: «Сені құртқан не нәрсе?» – деп сұрайды. Әлгі кісі: «Рамазанда жұбайыммен қатынаста болдым», – дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан: «Құл азат ететіндей дүниең бар ма?» – деп сұрайды. Ол кісі: «Жоқ», – деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арасын үзбей екі ай ораза ұстай аласың ба?» – деп сұрады. Әлгі бейбақ тағы да: «Жоқ», – деп жауап береді. Сол кезде Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір себет құрма әкелінді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрманы әлгі адамға беріп, кедейлерге таратуды бұйырады. Сонда әлгі кісі: «Бізден артық мұқтаж кісі бар ма екен?» – дегенде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күлімсірегеннен тістері көрініп: «Бар да, мұны отбасыңа бер!» – деді (Бұхари). Қазіргі таңда құлдық жүйе жойылғандықтан оразаның каффараты ауыз бекіту немесе кедейлерді тамақтандыру арқылы өтеледі.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу