Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  1483


Автор: Жібек Ысқақова

ЕҢБЕК ЖАЙЫНДА

Келсе егер өрлегің,
Сылтауға жол бермегін!
* * *
Еңбек етсең шығасың,
Биікке өрлеп, қыратқа.
Ісің алға баспайды,
Жалқау болсаң бірақта...
* * *
Наны тәтті еңбектің,
Іс жасасаң жүрекпен.
Кітап оқы, жалықпа,
Шығаратын түнектен.
* * *
Еңбек етсең тоқтамай,
Биікке өрлеп шығасың.
Ақылменен іс қылсаң,
Өмір ғажап, ұғасың...
* * *
Қолың жетер биікке,
Еңбек етсең ерінбей.
Білім ізде кітаптан,
Жалқаулыққа берілмей.
* * *
Биікке өрле өмірдің ақ жолында,
Алға бастар өмірің өз қолыңда...
 * * *
Ақыл, білім кітапта,
Жетелейтін мұратқа.
Өрлеу үшін бикке,
Жігеріңді құлатпа.
* * *
Еңбек етсең жетесің,
Өрлеп таудың шыңыңа.
Шалыс бассаң құлайсың,
Есте сақта мұны да...
* * *
Жансын десең еңбегің,
Жұмыс жаса, терлегін!
* * *
Еңбек етсең маңдай термен қыр асып,
Тамыр жаяр бұл өмірің гүл ашып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ермек
Ермек 01.02.2024 14:37
Казіргі заманда еңбекпен қоса алып жүретін білім бар, білім болмаса еңбек бос болып қаласын

Пікір жазу