Өлеңдер ✍️
АУ ҚЫЗҒЫШ ҚҰС, ҚЫЗҒЫШ ҚҰС
Көк аспанды шарлаған ау қызғыш құс,
Биіктерге мені өзіңмен алып ұш!
Самғайыншы менде аспанда нұрлана,
Қанатыңмен берші маған жігер, күш!
Армандарым менен алыс кетпеші,
Мына менен сырт айналып өтпеші.
Қуанайын менде ендеше балаша,
Бақыт құсы маған қарай беттеші!
Мұң-қайғылар менен алыс тұрақта,
Жанарымнан бір тамшы жас құлатпа.
Шаттанайын көңілімде жаз орнап,
Жамандықты жолатпашы бірақта!
Көрмейінші алдау, арбау барлығын,
Адамдардың іштерінің тарлығын.
Балалары үйлерінен кетірген,
Ата-ананың көрмейінші зар-мұңын!
Көрмейінші мейірімсіз балаңды,
Баласынан бас тартатын анаңды.
Дем берейін мен де көктен жауындай,
Нұрыменен жаңартатын даламды.
Бақыт болып енейінші әр үйге,
Сыйластық қой керегі бұл пәниде.
Ау қызғыш құс естимісің сен мені?
Күтудемін әр күн сайын сені үйде!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter