Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  272


Автор: Жібек Ысқақова

ҚАЙРАН ТІЛ, ҚАЙРАН СӨЗ

Қайран тіл, қайран сөз наданға қадірсіз…
Абай Құнанбаев
Қайран тілім, қайран сөз,
Қадірі жоқ наданға.
Түсіндіре алмассың,
Түсінбейтін адамға…
Қайран тілім, қайран сөз,
Түсіп кетт-ау қадірің…
Шұбарланған түріңде,
Қандай болмақ тағдырың?!
Қайран тілім, қайран сөз,
Жеңіл болып барасың.
Анайылық жаулады,
Адамдардың арасын.
Қайран тілім, қайран сөз,
Күйін кештің жетімнің.
Күннен күнге барады,
Аузы ашылып дертімнің.
Қайран тілім, қайран сөз,
Жарқырайтын күн бар ма?!
Биік болып мәртебең,
Бұл дүйім жұрт тыңдар ма?!
Қайран тілім, қайран сөз,
Түсірмеші еңсені.
Ана тілім, сөзім деп,
Биік қойсын ел сені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу