Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  1348


Автор: Жібек Ысқақова

ОТБАСЫҢ ОЛ — БАҚЫТЫҢ БАҒА ЖЕТПЕС


Отбасың ол — бақытың баға жетпес,
Табылатын қасыңнан әрқашанда.
Тастап сені кетпейтін жанашырың,
Күн туса да басыңа, шаршасаң да.
Отбасың ол — бақытың баға жетпес,
Төгер саған жылуын күндей болып.
Тілекшің боп жүретін жақындарың,
Жұдырықтай жұмылып, бірдей болып.
Отбасың ол — бақытың баға жетпес,
Сый боп саған берілген бір Алладан.
Бар жақсыны тілейтін жанұяң ол,
Алаң болмай сен үшін тұра алмаған.
Отбасың ол — бақытың баға жетпес,
Қыста жылу беретін, тоңдырмайтын.
Бұлт үйрілсе басыңа, бұл тағдырдың,
Тәлкек етіп, сынына қалдырмайтын.
 Отбасың ол — бақытың баға жетпес,
Қиналғанда демейтін қуат беріп.
Шаттығыңды асырар отбасың ол,
Нұрын шашар күндей боп, шуақ беріп.
Отбасың ол — бақытың баға жетпес,
Ыстық ұяң тербейтін махаббатпен.
Бақыттымыз, бақытты қадірлейік,
Кірлетпей еш біз оны жаман атпен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу