13.01.2024
  3527


Автор: Туған күнге тілек

Туған күніңмен, Анашым!

Құтты болсын кеп жеткен,
Туған күнің Анашым!
Жастан жасқа жетіңіз,
Тауып шаттық жарасым.

Бар жақсыны тілеймін,
Жан анашым өзіңе.
Нұр төгілсін күн сайын,
Мейірімді жүзіңе.

Ғұмырыңыз ұзақ боп,
Ортамызда жүрші аман.
Ғасыр жаса Анашым,
Жаратқаннан сұранам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Улжан анамнын есипи Алия
Анама ан

Пікір жазу