file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  30.12.2023
  1101


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

ТІРШІЛІКТІҢ ТАЯНЫШЫ - АНАЛАРЫМ!

Жан бар ма ана десе толғанбаған,


Ана десе толқымай қалған ба адам?!


Ана десе бар ма жүрек шаттанбаған,


Ана десе жыр бар ма ақтармаған?!


 


Түн ұйқысын төрт бөлген сәби күннен,


Бойындағы нәрін берген, барын берген.


Тоғыз ай көтерген аман сақтап,


Сезім берген бойыңа, дарын берген.


 


Тілеу тілеп, көтерген еркелігін,


Адам болсын деуменен тентегінің


Әлдилеген тал бесікте жатқаныңда,


Құлағыңда үні естілер ертегінің.


 


Тәй – тәйлап басқанда төзімді болдың,


Мейірім мен қамқорлық сезімді бөлдің.


Аспандағы бұлттарды да сейілткен ана,


Бойыңдағы ерлік сезімді көрдім. 


 


Тағзым етіп бар адам бас иетін,


Ана деген қадірменді – қасиетім.


Әлемнің падишасы саналатын,


Бабалардың бірге кешкен қасіретін.


 


Ана деген күннің шуақ нұры сынды,


Ана десе, талай ақын жыр ұсынды.


Ана деген нәзіктігі бір бөлек,


Жаныңа жылу берген гүлі сынды.


 


Салт – санамен құрмет тұтқан бабаларым,


Анадан туған алып даналарым


Ана деген сөздің өзі құдіретті,   2- рет


Тіршіліктің таянышы – аналарым!


 


Сөзін жазған Айтбек Рымбекұлы Әліпов,


Астана қ., желтоқсан 2023 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Болат Бақытбекұлы
Адамның асылы кәрі анаң, Тағамның асылы қара нан-деген екен. Біздің бойымыздағы қасиеттер ана сүтімен дарыған. Бір әулеттің келіні болып ұл-қызын ұлттық құндылықтарды сіңірген Аналарымыз тіршіліктің таянышы екені сөзсіз. Ақ жаулықты аналарымызға бас иеміз. мәңгілік қарыздармыз. Осыны жеріне жеткізе білген Авторға алғысым шексіз. Жазарыңыз таусылмасын деген бізден бір тілек!

Пікір жазу