09.12.2023
  146


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!

Жаңа Жыл- көңілімді шаттыққа бөлеп, жүрегіме ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі болып табылады. Жаңа жылымыз жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан секілді жан дүниеміз нұрланып сала береді. Көңілім көтеріліп, ерекше бір ғажайып болып жатқандай сезімде боламын.
Ауыл мен қалада өтетін Жаңа жыл мерекелері бір-бірінен өзгеше. Айырмашылығы жер мен көктей десем қате айтпағаным болар. Түрлі ұжымдастардың басқосулары ерекше көтеріңкі күйде, есте қалатындай өтетіні сөзсіз. Ал ауылдағы жаңа жыл жанымызға зор қуаныш сыйлайтыны анық. Жаңа жыл басталғанда, 31 желтоқсан бітіп, түнгі он екіден кейін ауылдағы үйдерді, таныстардың, достардың үйлерін танымастай болып әртістің киімін киіп аралаймыз.
Әрбір адамдар өз үйлерінде шырша безендіріп, әсемдеп Жаңа Жылдың аурасын сезіндіреді. Дастарханда жайнатылып, үй үйді қонақтар аралап, бір бірлерінің өткен жылдардағы өкпе реніштерін ұмытып, Жаңа Жылға керемет көңіл күймен аяқ басады. Сағат тілі 00 00 ді көрсеткенде президентіміз теледидардан сөз сөйлеп, өз халқына тілек айтып жылы лебізін білдірген соң далала от шашулар атылып, теледидардан жаңа жылдық мерекелік концерттер жалғасын табады. Міне, жаңа жылдық мереке әрбір жанға осындай баға жетпес зор қуаныш сыйлайды.
Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Әрбір отбасы аман болып, бақытты да, қызықты сәттері көп болсын! Жаңа жылымыз табысты жыл болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу