Эсселер ✍️
Жаңа жылдарыңызбен!
Қазақ елі «Жаңа жылымыз» деп 22 ші Наурыз айын есептегенмен, жаңа жылдың орны ерекше болып қала бермек. Неге десеңіз, Наурыз айында тойланатын Жаңа жылымыз ол біздің төл менекеміз, жаңа күн, жаңа жылымыз болғанымен 31 желтоқсан күні тойланатын мерекенің орны ерекше. Жалпы айтқанда әр мерекенің орны ерекше, адамға өзіндік ерекше күй сыйлайтын, жаңаша сыр сыйлайтын мереке. Мерекелердің ішіндегі ең кереметі десем қате айтпағанымыз болар. Өйткені, жаңа жылда балаларымыз тақпағын айтып, сыйлықтарын алуға асығады. Аяз атасы мен Ақшақары бар көңілге жаңаша күй сыйлайтын мереке.
Жаңа жылда бір-бірімізге ақ жарма тілектерімізді тілеп, жаңа жылға үлкен үміт артатынымыз сөзсіз. Расында жаңа жыл бір сиқырлы әлем, ғажайыптар еліне саяхат жасататын ерекше мереке. Әсіресе балалардың мерекесі. Олар жаңа жылды асыға күтеді. Әндері мен билерін билеп, мерекені жандандырып жібереді. Балалардың қуанышы біздің қуанышымыз, солай емес пе?!
Кел жаңа жыл жыр болып, жанымызды тербелеп, кел жаңа жыл үн болып қуанышты күй беріп деп, барлығыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Жаңа жыл қуанышы мен шаттығын, бақытты да сәтті күндерін сыйлай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр жаңа жылымыз берекелі, мерекелі жыл болып ене берсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter