09.12.2023
  179


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылды жақсы көрем

Жаңа жыл менің ең сүйікті мерекем. Жаңа жыл келгенде өзімді бір ерекше күйде сезінемін. Көңілім шаттыққа толып, жүрегіме бір отты жылулық сыйлайды. Жаңа жыл қазағымызға жат мереке деп жатады. Қаншама рет дәл осылай айтқанымен жаңа жыл күнтізбеде белгіленіп қойған әлем бойынша есептелінетін мереке. Яғни жаңа жылда барлық әлем жаңаша күйге енетіндей әсер береді. Сондықтан мен осы мерекені әр жыл сайын асыға күтемін. Жаңа жыл келген кезде қатты қуанамын. Жан дүнием бір жаңаша күйге бөленгендей болады.
Жаңа жыл расыменде адамға бір ерекше сәт сыйлайтын мереке ғой. Жаңа жыл келгенде мерекелік іс-шаралар, ұжымдық бас қосулар өтеді. Әр жаңа жыл мен ондағы мерекелік іс-шаралар ертеңге тарих емес пе. Адам өмірге бір рет қана келеді. Сол саналы ғұмырын әдемі өткізу, есте қалатындай әсерде өткізуі қандай ғанибет десеңізші. Әр жаңа жыл осындай ғажайып әлемнің ергегі әлеміне саяхат жасағанымыздай әсер береді. Сондықтан, жаңа жылды жақсы қылып, есте қалатындай етіп өткізсек кереметтің кереметі емес пе?!
Ендеше, келіп жеткен жаңа жылымыз әрбір отбасыға бақ-береке, ырыс-ынтымақ, бірлігін әкеле берсін! Жаңа жылда басымыз аман болып, жаңа табыстарға жете берейік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айару
Айару 21.12.2023 20:28
Жаңа жыл құтты болсын

Пікір жазу