Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
12.11.2023
425

Мен қазақтың баласы
Ата-анасын баптайтын,
Қарсы боп тіл қатпайтын.
Жақсылықтың жолында,
Игі істерден қашпайтын.
Мен қазақтың баласы!
Жанарында жалын бар,
Өн бойында дарын бар.
Өмір сыны кезіксе,
Жігерім бар қабылдар!
Мен қазақтың баласы!
Еріншек боп жатпайтын,
Ел үмітін ақтайтын.
Шындық үшін шырылдап,
Ақиқатты жақтайтын.
Мен қазақтың баласы!
Үн қататын жүрекпен,
Өміріңді гүл еткен.
Бұлт жайлаған көңілді,
Шуақ шашар күн еткен.
Мен қазақтың баласы!
Дос сенімін сатпайтын,
Адалдықты сақтайтын.
Өзгелерді қолпаштап,
Орынсыз мін тақпайтын.
Мен қазақтың баласы!
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇