file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  12.11.2023
  1444


Автор: Жібек Ысқақова

Кім боламын өскенде?!

Көңілде көп мамандық,
Ұраным тек адалдық.
Кім боламын өскенде,
Басу үшін қадам нық!

Үйрететін ілімді,
Сусын етер білімді.
Мен мұғалім боламын,
Балаға арнар күнімді.

Науқастарға ем берер,
Жылы сөзбен дем берер.
Мен дәрігер боламын,
Адамдарды тең көрер...

Заңды белден баспайтын,
Ақиқатты растайтын.
Заңгер болам өскенде,
Әділдікті жақтайтын.

Жарыстарда жеңетін,
Игі істерге еретін.
Мен спортшы боламын,
Мәреге үздік келетін

Әлі де бар талдауым,
Әр салаға арнауым.
Аламын тек біреуін,
Нақты болып таңдауым!

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу