Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
12.11.2023
5817

Республика күнінде
Жиырма бесі қазанның,
Атаулы күн мереке.
Республика күні бұл,
Сыйлар елге береке.
Декларация өтіліп,
Егемен ел танылған.
Азаттықтың жолында,
Шамнан шырақ жағылған.
Тәуелсіздік бастауы,
Бодандықтан арылып.
Ата-баба арманы,
Оралғандай сағынып.
Тұтастығы елімнің,
Жарияланған күн бүгін.
Жайлылықты сезінген,
Қуанышты үн бүгін.
Көк байрағым желбіреп,
Үн қатады бүгінде.
Әндетейік, би билеп,
Республика күнінде!
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇