file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.11.2023
  301


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

ӘКЕМЕ

Асқар тауым, ассалаумағалайкүм.


Қалжыраған қалыңыз маған айқын,


Еңсең сенің еңсеріп кетпек емес,


Балаң барда парқыңды бағалайтын.


 


«Уағалайкүмссалам, ұлым»- дедің.


Ту сыртымнан есіп тұр жылы лебің!


Тұла бойың тұнып тұр тағылымға,


Жаңылмадым жолыңнан. Бүлінбедім.


 


Арманыңды арқалап келем бүгін,


Өміріме өң беріп өлең-жырым.


Жүгім жеңіл емес қой жүрегімде,


Ат тірегем Арқаға сенен бұрын.


 


Жалғап бердің жағама гүлімді де,


Құлыныңыз құлынды бүгін міне.


«Ата»-деді немерең алғаш рет.


Жеңілдетіп тастады жүгімді де.


 


Аман болшы, әкешім. Ауырмағын!


Жатпасыншы жабырқап жаныңда мұң.


Жырақ жүрсем жүрермін. Жүрегіңмен,


Сағынғанда қашанда жаныңдамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу