Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.11.2023
250
ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ӨЛЕҢ:
Нұр себелеп, жып-жылы түн аунады.
Құдай осы дұғаңды құп алғаны.
Таң атады талықсып амалы жоқ,
Бұл пәнидің қашанғы тұрар бағы.
Самал есті қадірлі таңға қарай,
Ең ұзақ түн дәл бүгін болмағаны-ай,
Мен отырмын балконның жиегінде,
көз жіберіп, тым-тырыс жолға қарай.
Таң атады, түн ауып, күн шығады.
Жадыратар жайқалып нұр, шуағы.
Кешір Алла күнәмді дегеніммен.
Жаным бірақ әлі де тыншымады.
Жылында бір кешірім сұрай қалып,
Ұмытамыз ертең-ақ құдайды анық.
Күн шыққанда күнәдан тазарғандай,
Тәтті ұйқыға кетеміз құлай барып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter