file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  15.10.2023
  420


Автор: Әкім Ысқақ

Қыз сөзі

Күндіз-түні ойлауменен жүремін,
Көз алдымда көркем бейне-түр,өңің.
Жанарыңмен жан тәніме от салдың,
Самалыңнан сая тапты жүрегім.

Саған ғашық, ынтық болған гүл едім,
Біле алмадым бұл дертімнің бір емін.
Әр атқан таң өзіңменен бірге өтсе,
Жаратқаннан жалғыз ғана сұрарым!

Болмысыңа тәнті болып табынам,
Алыстасаң, аласұрып сағынам.
Көз жасыма ерік беріп, егіліп,
Оңашада ақтарылып, ағылам!

Сағынышқа оранған бір күздеймін,
Алыс кетсең, тыным таппай іздеймін.
Қанша қинап, сынаса да махаббат,
Үлбіреген үмітімді үзбеймін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу