Өлеңдер ✍️

  11.10.2023
  116


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Тіл - апат

Адам болып басқаннан соң жер бетін,
Ешкім сірә "періштемін" демесін.
Күнаһармыз барлығымыз,​ әлсізбіз -
Рахман Өзі кешірмесе пендесін!

Бос жатсын ба, шайтан бізді дос қылып?
Татулыққа шоқ тастайды бықсытып.
Жүректерді суытқан соң у сеуіп,
Жүр туыстар өсек аңдып, кек қуып.

Сыбырлайды,​ ызыңдайды,​ күні-түн,
Ұнатпайды таза болса жүрісің...
Бір күмәнді тауып беріп,​ улайды,
Тілің менен иманыңның тынысын.

Тек кешірім құтқарады күнәдан,
(Күнәсі жоқ бола қоймас тірі адам).
Қателікті тізбектемей үнемі,
Жақсылықты айтайықшы уа - жаран!

30.04.2022




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу