11.10.2023
3750
Қартаймасын ұстаздар. (әзіл өлең)
"Апай" - дейді барлығы,
Біздің сұлу ұстазды.
"Апа" - деген әже ғой,
Тістері жоқ, ақ шашты!
Ал мен үшін ұстаздар,
Ең бір сұлу әпкелер.
Өскеннен соң, жұмыстан -
Ұстазымды ап кетем!
Мінгізіп-ап, көлікке,
Аралатам қаланы.
Айтып көрсін содан соң,
Мені "жаман бала" - деп!
Атракционда ойнатып,
Қыдыртамын паркте.
Тәтті мақта әперем,
Мінгізіп ап көлікке.
Гүл шоқтарын сыйлаймын,
Балмұздақ та әперем.
Қартаймаса екен тек,
Сұлу ұстаз әпкелер!
Гүлмекен Қасенбай
24.09.2021
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter