21.09.2023
125

Құттықтаймын өзіңді
Құттықтаймын өзіңді,
Бүгін туған күніңмен.
Бар жақсыны тілеймін,
Жүректегі үніммен.
Арайлы таң қуантып,
Төксін саған шуағын.
Жақсылыққа бастайтын,
Таусылмасын құмарың.
Көтерілсін лайым,
Жайма шуақ көңілің.
Жарқырасын жұлдыздай,
Гүлдей жайнап өмірің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇