Эсселер ✍️

  16.09.2023
  201


Автор: Отбасы күні

Менің отбасым

Менің отбасымда атам, әжем, әкем, анам және бауырларым бар. Мен әжемді қатты жақсы көремін. Маған ертегі айтып береді. Сабақтан қайтқанда тәттілерін береді. Атам болса домбырада ән айтуды үйретеді. Бізге домбырада ән салып, көптеген аңыз-әңгімелерді айтып береді. Атам кепті көрген жан. Үйге қонақ шақырғанда, тойға барғанда батасын беріп отырады. Атамды барлық адам жақсы көреді. Бата беріңіз деп қолдарын жайып, тыңдап отырады. Ал Асқар тауым әкем жайлы әңгіме тіптен бөлек. Балалары біздерге бар жақсысын үйретіп, жұмыстан қайтқанда бізге шоколад, тәтті суларын әкеліп береді. Әкеміздің барында жанымыз жадырап, күніміз күлімдейді. Ал аяулы анамыздың орны тіптен бөлек. Анамдың еркелеткен әрбір сөзі жанымызға шуақ сыйлайды. Балашым деп ұйықтатарда үн қатып еркелетіп ұйықтататын кезі қандай деңіз. Ал жанашыр бауырларымның барына шүкір деймін. Олар барда көңілім жадырап сала береді.
Міне менің отбасым, менің тірегім, соғып тұрған жүрегім менің қымбатты да мейрімге толы отбасым. Мен отбасымды жақсы көремін. Отбасым барында мен өте бақытты жанмын. Шүкір Аллаға, Жаратқаным осы бақытымнан айыра көрмесін деймін.
Отанның бір бөлшегі болып табылатын – менің алтындай отбасыма ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпау бізге парыз деп білемін.
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе десем қате айтпағаным болар. Отбасы қиналғанда қайғыңмен, қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы да жанашыр жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, сыйластық пен бірлік және сенім. Отбасы жоқ адамды қанаттары қайрылған жандар дер ем. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - біріне құрмет көрсетіп, бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан.
Ия, мен бақыттымын! Неге десеңіздер, менің отбасым, жаныма жақын жандар қасымда. Мен отбасымды үлгі тұтамын және отбасыммен мақтанамын. Әрбір адам өз отбасымен мақтанып, отбасы үшін бар жақсысын жасай білсе, отбасының сүйіспеншілігін сезініп, отбасы үшін деп қамқорлығын корсете білсе, міне нағыз отбасы дер едім.
Отбасын сүйетін, отбасы үшін бар жақсылығын жасай білетін адамдар көп болса міне біздің еліміздің бақыты зор дегім келеді. Өйткені, отбасын қадірлеп, құрметтей алатын әрбір адам өз елін де сүйіп, елі үшін бар жақсысын жасай алады дей алам. Отан отбасынан басталады, осыны естен шығармаған жөн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу