Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  218


Автор: Шөмішбай Сариев

Айшабибіге!

Айша бибім –
Туған күні – бұл күні,
Сенде менің жүрегімнің бүлкілі.
Соны сезді, Айшам күйді тартқанда,
Жүрегім мен жан кеудемді сілкіді.
Айша бибім, туған күні – бұл күні.
Айшабибім туған күні толқыдым,
Айшабибім туған күні шалқыдым.
Айшабибім күйлері бар аққудай,
Күйлеріне бірге құстай қалқыдым.
Күйлеріне бірге еріп балқыдым,
Айшабибі туған күні – бақытым,
Бәрі осындай болса деймін әр күнім.
Айшабибім әрі күйші, сазгерім,
Күй дегенде асын қояр назды елім.
Ұшырады, қондырады күйімен,
Аққуларды жүздіргендей жаз көлін.
Айшабибім әрі ақын, әрі нші,
Айшабибім әрі күйші, сазгерім.
Немереде – бар бақытым білемін,
Немерелер – тірліктегі тірегім,
Немерелер – менің екі жанарым,
Немерелер – менің ыстық жүрегім.
Айшабибім өмір жасың ұзақ боп,
Бақытты бол бұл өмірде тілегім!..

26-27-28 қаңтар 2011 жыл
Алматы – Астана – Алматы сапары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу