Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2023
141

Жұлдыз жолы ағылған
Жұлдыз жолы ағылған,
Мауқын басар сағынған.
Түн құпия махаббат,
Түн көрпесін жамылған.
Қайда бақыт, қайда бақ,
Жұлдыздармен Ай қарап.
Құшақтасқан түнгі әлем,
Ай астында аймалап.
Тәтті қандай түнгі ерін,
Сорған балдай тілдерін.
Аймаласып қос ғашық,
Істеп жатыр білгенін.
Жұлдыз айын шашқанда,
Түн көрпесін басқанда.
Төңкеріліп дүние,
Қос жанары аспанда.
Балалықпен қоштасып,
Жастық дәурен досқа ашып.
Дүниеде ешкім жоқ,
Бұл әлемде қос ғашық.
Көздер жанып шырақтан,
Сезім толқып бұлақтан.
Қос махаббат құлатпай,
Түнгі аспанды ұстап тұр.
26-27 қаңтар 2011 жыл
Алматы шаһары.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇