file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  722


Автор: Шөмішбай Сариев

Тәуелсіздік таңы

Тәуелсіздік таңы қандай атқаны,
Құстың қандай самғап қанат қаққаны.
Айы жарық сұлу түннің мақпалы,
Жарық қандай жұлдыздардың аққаны.
Тәуелсіздік таңы әсем сұлуы-ай,
Жанға тәтті жүрегімнің жылуы-ай.
Ойдың терең таңғажайып тұнуы-ай,
Таң-тамаша табиғаттың тілін-ай.
Тәуелсіздік тауына мен шомылдым,
Болатынын біліп енді жолымның.
Алатаудай биік асқар шыңдарға,
Білдім енді жететінін қолымның.
Тәуелсіздік ғашық едім мен саған,
Армандарым алдан шықты аңсаған.
Айы толқын көрінді әке көгімнен,
Бір жарқ етіп жұлдыздары самсаған.
Тәуелсіздік таңы сұлу жан-жағы,
Жерде барыс, көкте қыран самғады.
Тәуелсіздік таңы еді ғой сағыныш,
Ата-бабам көптен күткен арманы.
Сен болмасаң мен қуанып күлем бе,
Сен болмасаң алшаң басып жүрем бе.
Тәуелсіздік таңы атты мінекей,
Шұғаладан шашу шашып ұлы Елге!
Еңсем биік, дұшпанымды бұқтырдың,
Бостандықтың не екенін ұқтырдың.
Тәуелсіздік таңымменен оянып,
Тәуелсіздік – табаныммен тік тұрмын.

26 қаңтар 2011 жыл
Алматы шаһары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу