file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  245


Автор: Шөмішбай Сариев

Баласы екен Шектінің

І
Баласы екен Шектінің,
Баласы екен Тектінің,
Текті болсаң текті бол,
Болса-дағы көп мұңың,
Болса-дағы жоқ мұңың.
Болат десе болғаны,
Басқа бақыт қонғаны,
Болат деген бауырдың,
Бола берсін жолдары,
Өлеңді саған сыйладым,
Әзірге осы қолдағы.

ІІ
Дара болсын бір арнаң,
Тамшыдан теңіз құралған,
Жолың болып өмірде,
Қолдай берсін, бір Аллам!
Желдей ессін екпінің,
Ұлы болдың, тектінің.
Ару жібек – Қыз Жібек,
Қызы еді ғой Шектінің.
Бұл өмірдің бұрымы,
Сүйем түрі жылыны.
Ұзақ болғай өмірде,
Ұл-қызыңның ғұмыры.
Өлең ұшқан құсынан,
Ұлық сезсең тысынан.
Қорқыт бабам бастаған,
Қос кітапты ұсынам.
Алыс жүрсем сағынар,
Жақын жанға ағылар.
Жыр кітабын, осынау,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу