Өлеңдер ✍️
Мәңгілік ел
«Мәңгілік Ел – Қазақ Елі» идеясын халқына ұсынған Елбасының мәртебелі Президентінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқв арнаймын
Мәңгілік Ел дегенде,
Күнді ойлаймын, күткен талай сағына,
Бұл Қазақтың біткен мынау бағына,
Мәңгілік ел дегенде,
Махамбетім оралады жадыма!
Ел қамында жүргенде,
Сен Нарында жүргенде,
Сен! Сен едің Махамбет!
Тәуелсіздік арманым:
Ел деп едім, Махамбет!
Сені ойлап әр кезде,
Тербелемін, Махамбет!
Тәуелсіздік Елінде,
Ұлы Қазақ Жерінде,
Мен келемін, Махамбет!
Мөлдір бұлақ мақтаным,
Тұнған Елім, Махамбет!
Келсең қайта тіріліп,
Тәуелсіздік ақ таңын,
Жырлар едің Махамбет!
Кең көсіліп дариядай
Төгілер ең, Махамбет!
Ұғар едің шың болып,
Шығар едің Ту болып,
Көгіме кең, Махамбет!
Сыймай туған ұяңа,
Қыран болып қияға,
Сұңқар болып самғар ең.
Мәңгілік ел алдында,
Мәңгілік жыр арнар ең!
Шапқан сайын жыр-сауытың сөгіле,
Ат қамында, жырды шашып төгіле,
Мәңгілік Ел – Мәңгі жаса Қазақ деп,
Қазақ Елін көтерер ең көгіңе!
Махамбеттің – көзі болып құйылып,
Тәуелсіз Ел – жырымаған бұлырып,
Жырға қосып Аңыздан мен Елбасын.
Бірге өзіңмен көтеремін, Елімді, Ел басын
Сенің ұлы әруағыңа сыйынып!
Шөмішбай Сариев
21 наурыз 2014 жыл
Астана қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter