file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  121


Автор: Шөмішбай Сариев

Лирикада бір сиқыр күш билейді

Лирикада бір сиқыр күш билейді,
Оны жүрек қалай ғана сүймейді?!
Қолға түспес терісіндей еліктің,
Орап алып жан-жүректі илейді.
Лирикада бір сиқыр күш бар білем,
Жүрек қозғап, көзіңді арбар алдымен.
Бір сүйгеннен қайтып мойын бұрғызбай,
Лирикаға ғашық болдым мәңгімен.
Лирика - сиқырлы күш сазды әлем,
Сол лирика кенін мәңгі қазған ем,
Қаламымды өз қаныма батырып,
Лириканы жүрегіммен жазған ем.
Лирикада бір сиқыр күш құдірет,
Енді қайтып қайталанбас сүгірет,
Адамдардың ғұмырындай лирика,
Дүниеге келер бәлкім бір рет.
Лирика бұл сиқырлы күш жұмбағым,
Тіршіліктің қуанышын мұңдарын,
Өмірдің сан құпиялы сырларын.
Тылсым әлем, сүттей ұйып тыңдадым,
Тыңдадым да лириканың жұмбағын,
Жүрегімнің қаныменен жырладым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу