Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  89


Автор: Шөмішбай Сариев

Лирика сені көрдім

Лирика сені көрдім,
Жыршының термесінен,
Домбыра пернесінен.
Лирика сені көрдім,
Ерекше жаратылған,
Аққулар қанатынан.
Лирика сені көрдім,
Ақша бұлт мамығынан,
Дүние жарығынан.
Лирика сені көрдім,
Жігіттің намысынан,
Дариялар ағысынан.
Лирика сені көрдім,
Ақынның өлеңінен,
Теңіздің тереңінен.
Лирика сені көрдім,
Сарыарқа самалынан,
Сәбидің жанарынан.
Лирика сені көрдім,
Жер жаһан жолдарынан,
Өмірдің орманынан.
Лирика сені көрдім,
Балауса бесіктерден,
Күмбезді мешіттерден.
Лирика сені көрдім,
Төгілген бақ басынан,
Қария ақшашынан.
Лирика сені көрдім,
Нәресте іңгасынан,
Таулардың шың басынан.
Лирика сені көрдім,
Ағысты бұл өмірден,
Өзімнің жүрегімнен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу