Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  141


Автор: Шөмішбай Сариев

Нар өркешті сөздердің – түйесін ал

Нар өркешті сөздердің – түйесін ал,
Пәтуалы сөздердің киесі бар.
Иесіз сөз болмайды,
әрбір сөздің,
Ата-баба дейтұғын иесі бар.
Қарашы Тәңір қолдап
жаратуын,
Мен – ақын, әр бір сөздің қанатымын,
Сөз деген Құдай сөзі,
Тәңір сөзі,
Сол сөзден басталады –
АНА ТІЛІМ!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу