file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  412


Автор: Шөмішбай Сариев

Айналайын, Алматым

Әлем көрдім, жер көрдім,
Талай-талай ел көрдім,
Көрдім талай шаһарды,
Тебірендім тербелдім.
Алатауым – Алматым,
Қайта оралып мен келдім.
Токиода із қалды,
Стамбулға жүз бардым,
Париж көрдім,
Көрдім анау Берлинді,
Көрдім талай астана,
Көрдім талай елдерді.
Жер жаһанда жол қалды,
Жүрек талай толғанды.
Бардым, көрдім,
Прага мен Делиді,
Көрдім талай астана,
Талай шаһар төріңді.
Лондон бардым,
Рим бардым,
Бәріне де таңқалдым,
Бірақ менің жәннатым,
Ұшсам биік қанатым,
Саған мәңгі жетер ме,
Айналайын,
Алматым!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу