file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  129


Автор: Шөмішбай Сариев

Лондон десе...

Бүгін міне Лондонның таңы атты,
Бозғылт бұлттар бүркеп алған алапты,
Бәлкім осы ұлы Британ ұлы елін
Тәңір бәлкім ақша бұлттан жаратты.
Бүгін, міне, Лондонның таңы атты,
Бұл дүние өзіне жалт қаратты.
Жайлап маңғаз жаңбыр жауды сіркіреп,
Тәңір өзі бұлтпен нұрын таратты.
Мен де ояндым Лондонның таңымен,
Мен сырластым ұлы шаһар жанымен.
Лондонның атын естіп сонау шақ,
Бала кезден көрмей жүріп танып ем.
Сол Лондон құшағына мен ендім,
Нұрларына бірге жүріп бөлендім.
Поэзия әр көшесі бір ғажап,
Лондон деген өзі екен өлеңнің!
Лондон солай мені бүгін жырлатты,
Ұлы шаһар өз жүрегін тыңдатты!
Лондон деген мен боламын менмін деп,
Әрбір көше ерекше үнмен тіл қатты!
Өз басынан талай өткен мұңды азап,
Көшесінде келе жатыр бұл қазақ.
Сол қазақты таңырқатқан құдірет,
Лондон десе, Лондон екен бір ғажап!..

21 шілде 2012 жыл
Лондон шаһары




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу