file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  119


Автор: Шөмішбай Сариев

Күре жол

Жолдар бар қосылатын әр елдегі,
Көрмеген жолдар қанша әлемдегі,
Күре жол бойындағы сол кездесу,
Өмірдің бір қызығын дәлелдеді.
Ғашықтық шыға келді балғын үндей,
Күре жол байқаусызда алды күрмей.
Сыртыңнан ғашық болып жүреді екен,
Өтесің, ал сен болсаң мәңгі білмей.
Өмір – биік, ол одан аласасың,
Ұлы өмір сен бір жұмбақ тамашасың,
Бір ғажайып әлем ғой сүю деген,
Сүйіп жүріп әйтеуір адасасың.
Биіктейсің еңсеңді иіп жүріп,
Төмендейсің, ал кейде биік жүріп.
Адасқанның өзі де қызық екен,
Ұлы өмір ағысында сүйіп жүріп.
Бәрін де оңашада еске аласың,
Менмін деп кейде өмір төс қағасың.
Жаныңнан өтіп кетті бір махаббат,
Асығып бұл өмірде кеш қаласың.
Түсімізге тіршілік жиі кіред,
Алдымыздан өтті ғой қиын рет.
Бұл өмірдің мазмұны, мағынасы,
Біз ойлаған өлшемнен биігірек!
Адамдар да, табиғат біледі оны,
Тұңғиық тығырыққа тіреді оны,
Көкжиекке ұмтылып жақындасаң,
Өмірдің алыстайды күре жолы!..

17 шілде 2012 жыл
Алмты – Лондон сапары




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу