file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  223


Автор: Шөмішбай Сариев

Құла айғыр

Бақ сыйлап маған Құдай бір,
Алай бір шаптым, былай бір.
Мінгенім менің асау ой,
Сымбаты сұлу құла айғыр!
Құлаймын-ай демедім,
Алдан бәрін көремін.
Жаралған тұлпар тұяққа,
Далам неткен кең едің.
Дидарға қонды шырай бұл,
Бақыт па, бақ па, сұрай жүр?!
Ұнайды маған осы бір
Шабандоз жүйрік құла айғыр.
Жолдар қалар күнде ізден,
Құла айғыр асау жүр бізбен,
Балалық шақта сонау бір,
Нағашы атам мінгізген.
Көздегі жанған шырақпен,
Аңсаған арман мұратпен,
Шабатын едім құмменен,
Шабатын едім қыратпен.
Жыр сыйлап маған құдай бір,
Алай бір шаптым, былай бір.
Балалық шақты бақытты,
Есіме салды құла айғыр!
Сипаймын жалын түлетем.
Кеудеме ойды түнетем,
Кеудемде менің құла айғыр,
Балалық шағым тірі екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу