file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  152


Автор: Шөмішбай Сариев

О, лирика

Тұңғиық бір тылсым үннің әлемі,
Жан-жүректің дүрсілінің сәлемі,
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Жаңа жауған аппақ қардай әдемі.
Күллі әлемге Тәңірідей сөзі асқан,
Жұлдыз жанған Ай мен Күндей, өзі аспан,
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Аппақ қардан гүл бәйшешек көз ашқан.
Қандай ғажап нөсерлеп бір төккені,
Аптабы ыстық өзіңді өртер от демі,
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Құстар қайтқан гүл өмірдің көктемі.
Төгілгендей келбетінен иманы,
Бәрі саған, құшағыңа сыйғаны.
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Жапырақты жаз өмірдің дидары.
Жайнауын-ай піскен ару жүзімнің,
Келгенін-ай қайта оралып күзімнің,
Поэзия падишасы,
О, лирика,
Ақырғы дем өмір болып үзілдің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу