file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  127


Автор: Шөмішбай Сариев

Батқан күн

Көрдің бе сен, күннің қалай батқанын,
Аржағынан алып шығар ақ таңын.
Алтын шапақ көрдім күннің батқанын,
Алтын сәуле көрдім қанат қаққанын.
Өз жолымен алай-былай соғылмай,
Тура тартып зеңбіректің оғындай.
Күн мұнартып бата берді қып-қызыл,
Бата берді көкжиектің шоғындай.
Шоқ боп маздап бата берді күн қимай,
Батқан кезі төмен заулап ылдилай.
Сымбат сұлу күнде заулап сырғиды-ай,
Қыран сынды заулап ұшқан қырғидай.
Дәл осылай көкжиектен күн батты,
Көз алдымда балғын түнім үн қатты.
Күн де сұлу құлақ салған адамға,
Сол бір күнін іздер ме деп қымбатты.
Бастап бәрі әдеттегі ғұрыпты,
Біреу жатып, біреу тұрып тынықты.
Түн қамына кіріскен жан заматта,
Түн мен бірге сол бір күнін ұмытты.
Адамдармен дөңбекшиді түн де аунап,
Махаббатын ғашық көңіл бірге аулап.
Қайта келіп есіне мен салам деп,
Батқан күнмен бара жатыр күн заулап!...

6 желтоқсан, 2012 жыл
Алматы шаһары




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу