file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  204


Автор: Шөмішбай Сариев

Лирика

Дүниеге таңырқаймын тамсанам,
Түнгі аспанда жұлдызы көп самсаған.
Поэзия падишасы – лирика,
Өмір бақи ғашық болдым мен саған.
Толқын атып теңіздейін тербеді,
Алға алып бұлт айдаған жел демі.
Поэзия падишасы өзіңсің,
Сұлу жанға ғашық еткен сен мені.
Шуақ шашқан, көрген емес күн қалғып,
Сәуленің де сұлу әнін тыңдар жұрт.
Поэзия падишасы өзіңсің,
Өмірге де ғашық еткен іңкәр ғып.
Келер күнге өзі білмей ұмтылған,
Қызғалдағы гүлді теріп гүл қуған.
Дүниеге келген бала егіздей,
Ақын дағы лирикамен бір туған.
Лирика бұл құс боп ұшар қанатым,
Қос қанатым – көкке самғап қағатын.
Лирика бұл жүрегімнің дүрсілі,
Лирика бұл әнім іштей салатын.
Лирикамен бірге оянып, бір жатам.
Ғұмыр кешіп күндерімді ұрлатам,
Жүрегімде өзім ғана еститін.
Дүниеге нәзік үнін тыңдатам.
Қоғалы көл, қом сулардың ішінде,
Падишамды көрем ылғи түсімде.
Мені сүйсе – сүйеді екен ұлы елім,
Лирика боп жаралғаным үшін де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу