file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  165


Автор: Шөмішбай Сариев

Баға жетпес халқымның жақынымын

Баға жетпес халқымның жақынымын,
Дүниенің жетпес қолы талайының.
Тәуелсіз қазағымның ақынымын,
Мен өзім – жаңа ғасыр Абайымын!
Сезеді өзгеше ақын айырымын,
Мен десе замандасым білер дайым,
Тәуелсіз ел-халқымның шайырымын
Мен болам – жаңа дәуір Сүйінбайың!
Шалқыған арманым бар көп теңіз боп,
Бола ма кең дүниеге сапар шекпей.
Тәуелсіз ұлы еліме өкпеміз жоқ,
Қол сілтеп қалай айтам Махамбеттей!?
Солардай ғұмыр кешкен жаһанда өттім,
Жүзіндей найза-қылыш алмасының.
Абайы, Сүйінбайы, Махамбеттің
Өмірлі өлеңінің жалғасымын.
Халқымның ұшан-теңіз ақылы көп,
Батпайды Құдай берген кім ғажапқа.
Дәл мендей тәуелсіз ел ақыны жоқ,
Бостандық тұлпар мінген бұл қазақта!?
Құдайым, Тәңір берген тәуелсіз ел,
Еңселі сөз айтуға хақылымын.
Құдайым, Тәңір берген тәуелсіз ел,
Сол елдің, сол қазақтың ақынымын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу