file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  115


Автор: Шөмішбай Сариев

Құлқын

Адамдарды құртатын құлқыны екен,
Құлқыннан да құтылу мүмкін екен.
Құлқындардың түбіне жете-тұғын,
Қапияда кез болар бір күн екен.
Аздыруға жетелер көңілдегі,
Ең бір осал кемшілік өмірдегі.
Қанағатсыз, тойымсыз құлқын жайлар,
Мәңгі тоймас кейбіреудің кеңірдегі.
Кеңірдекпен жұтады қаланы да,
Кеңірдекпен жұтады даланы да.
Адамды да жұтады арандап бір,
Құлқынының ашылып араны да.
Араны бір ашылса басылар ма,
Әділдіктің алдына бас ұрар ма.
Адамның тоқтатуы мүмкін емес,
Нысап беріп тоқтатпаса басын Алла!
Қара жердің өзі де қара сыз боп,
Қалай жәрдем етеді ауасыз көк.
Жұта-жұта кеңірдек құлқынымен,
Асқазаны шалдығар дауасыз дерт.
Жанымды жұта-жұта жан қалмаған,
Жұтқаны – тау болса да таң қалмаған.
Адам болып туғасын, адам үшін,
Осыларды бір емдеу – арман маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу