file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  216


Автор: Шөмішбай Сариев

Наурыз

Аққулы аспан көктерден,
Құстар ұшып жеткеннен.
Келдің тағы, Наурызым,
Туған елге көктеммен.
Бесігім боп тербесең,
Құшақ жайып жер-көсем.
Келдің тағы, Наурызым,
Аман-есен Елге сен!
Дәстүр-салтты ел екем,
Тассын дәулет берекем.
Төрлет елдің Наурызы,
Той-думаным, мерекем!
Маңдайға біткен екі елі,
Дала қазақ – мекені.
Астанамнан Наурызым,
Алатауға жетеді.
Айналғандай анама,
Сіңген салтым – санама.
Алматымнан Наурызым,
Сапар шегер далама.
Қарбаласта тыныш күн,
Бөлеп алды нұр үстін.
Далам, тауым қарсы алды,
Ұлы күнін ұлыстың!
Далам менің тыңдашы,
Таудай қазақ тұлғасы.
Құтты болсын, Наурызым,
Құтты болсын Жыл басы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу