file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  117


Автор: Шөмішбай Сариев

Мен қазақпын дегеннің арманы бір

Мен қазақпын дегеннің арманы бір,
Бұл адамға бәрі де алда ғұмыр.
Тамырларың тереңге тартып өсіп,
Бәйтерек жапырағы жалға ғұмыр.
Мен қазақпын дегеннің жаны басқа,
Ақыл-ойдың теңізі – бәрі баста.
Әр адамның өмірде орны бөлек,
Күн мен Ай келмес мәңгі айырбасқа.
Мен қазақпын дегеннің жаны да бір,
Кез болған кездейсоқты бағыма жыр.
Сен мені шын сүйгенің рас болса,
Алыс шалғай жерлерде сағына жүр.
Мен қазақпын дегеннің жолы да бір,
Бес елі мандайдағы соры да бір.
Мәңгілік болмағанмен аңда-санда,
Кездейсоқ бақытыңмен жолыға біл.
Мен қазақпын дегеннің ары басқа,
Ары басқа жандардың жаны басқа.
Кеше, бүгін майданның жалғасындай,
Қазақ үшін күресті тағы баста!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу