file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  122


Автор: Шөмішбай Сариев

Жұмекен

Бала кезден, бал шақтан жыры ұнаған,
Өзінен оза туған, бұрын Адам.
Әдебиеттің есігін ақын қақты:
«Үп-үлкен дүниенің сырына алаң».
«Ар ісі – әдебиет» деп елеңдеумен,
Терезені қақты ақын теңеулермен.
«Осынау олпы-солпы өлеңменен,
Өзімді түсіндіріп келем» деумен.
«Айнала ақын болған ағайын көп,
Бір жүрек көңіліңді табайын» деп.
Қарағым: «қалғи қойшы, жабайын» деп,
Адам келіп өмірге таза өтсін деп,
Дүниеге әр жүрек қажетсің деп.
Өмірлік «Араға ұқсап бал жинадың,
Оны өзі сезбегенге не жетсін» деп.
Түнгі бір жұлдыздармен ақты түнеп,
Шыңына тауымыздың қақты түлеп.
«Бұтақтарын – биікке» өсірді ақын,
«Тамырларын – тереңге» тартты жүрек.
Айдынның, ақ айдынның тұнатыны,
Теңіздің тереңінде сұрапылы.
Оқитын жүрегіңнің көзіменен,
Жұмекен –
ұлтымыздың ұлы Ақыны!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу