file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  164


Автор: Шөмішбай Сариев

Бақытты күндер бақ қандай

Бақытты күндер бақ қандай,
Ағарып ақ таң атқандай,
Аймалап сүйіп аруды,
Жаһанда бейне жатқандай.
Бақытты күндер бал күндер,
Балауса бейне шалғын дер.
Аймалап сүйіп аруды,
Армансыз демді алдың дер.
Бақытты күндер шат күндер,
Арманға алыс ақтым дер,
Аймалап сүйіп аруды,
Бал шырын бүгін таттым дер.
Бақытты күндер – ән күндер,
Әуелеп сазы әлдилер.
Толғамы тоқсан домбыра
Сағынып сазды сан күйлер.
Бақытты күндер мас күндер,
Шымылдық перде аштым дер.
Есейіп тұрып еркелеп,
Әлі де жаным жаспын дер.
Бал шырын балдай татқандай.
Алдында жатса ақ маңдай.
Баянсыз күндер өтеді,
Бақытты күндер бақ қандай.
Ағысты өмір ағында,
Айналар күндер сағымға.
Қалады есте мәңгілік,
Бақытты күндер жадында.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу